Жедел-құтқару жасағы үйінді астынан бір ер адамның денесін тапты

Жедел-құтқару жасағы  үйінді астынан бір ер адамның денесін тапты Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес, Алматыда көшкін жүрген жерде жедел штаб ашылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Көшкін басып қалған үйлердің туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.



«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапты»,- деп хабарлады департаменттен.



Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет