Жаңа жылда Алматыда отшашу болмайды

Жаңа жылда Алматыда отшашу болмайды
Сурет: iPhones.ru

Бұдан бұрын еліміздің бас қаласында мерекелік отшашу болмайтынын хабарлағанбыз.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Алматыда жаңажылдық мерекелік отшашулар болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңа жыл қарсаңында Алматыда отшашулар болмайды. КВИ таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штабтың мәліметінше, бұл COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты.

«Жаппай жиындар кезінде азаматтардың ауру жұқтыру жағдайларының алдын алу үшін Алматыда 31 желтоқсанда мерекелік отшашу жоспарланған жоқ», - делінген хабарламада.