Жаңа жыл түні Алматы ТЖД-не қанша шақырту түскені белгілі болды

Жаңа жыл түні Алматы ТЖД-не қанша шақырту түскені белгілі болды
Cурет: Алматы ТЖД

2021 жылы алматылық құтқарушылар 3000-нан астам шақыртуға шыққан

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жаңа жыл түні қала тұрғындарынан қанша шақырту түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өткен тәулікте Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндіру бөлімшелері 20 рет шақыртуға шықты.  Оның 15-і тұрғындардың қырағылық сипаттағы хабарламалар арқасында болды, 3 шақырту ықшамауданның кіреберісіндегі электр желісінің қысқа тұйықталуына байланысты болды. Айнабұлақ, Алатау ауданындағы жеке тұрғын үйдің шатырында жанбаған қысқа тұйықталу, Алмалы ауданында көліктегі қысқа тұйықталу болды»,-делінген хабараламада.

 Сондай-ақ, қоқыс пен сынған ағаштарды тастауға байланысты 12 шақырту болған. Азаматтардың қырағылықтары арқасында Жаңа жыл түнінде резонанс тудыратын оқиғалар тіркелмеген.

Әр тәулік 300-ге жуық қызметкер, 200-ден астам бірлік техника Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ және 109-құтқару қызметінің техникасы мен әуе кемелері төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін дайындықта.

 «Жалпы 2021 жылы алматылық құтқарушылар 3000-нан астам шақыртуға шығып, қауіпті аймақтардан 100-ден астам адамды эвакуациялады, 197 адамның өмірін сақтап қалды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша департамент барлық алға қойған нұсқауларды орындалды», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаев.