Жаңа QazCoVac-P вакцинасын сынау басталады

Жаңа QazCoVac-P вакцинасын сынау басталады
Сурет: Astanatimes.com

Қазақстандық жаңа QazCoVac-P вакцинасын адамдарда сынау басталады

Препарат әзірлеушілері сынақтың екінші кезеңге өткені туралы хабарлаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Айта кетейік, биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты сынақтарға бірден 200 ерікті қатысатынын жеткізді. Бұл кезеңде QazCoVac-P-дың иммуногенділігі мен қауіпсіздігі зерделенеді. Әзірлеушілер бұл вакцинаның оңай тасымалданатынын атап өтті.

Сондай-ақ ғылыми-зерттеу институтының мамандары тағы екі векторлық препарат әзірлену үстінде екенін хабарлады. Мамандардың айтуынша, "дельта" штамына қарсы күресетін QazVac-тың модификацияланған нұсқасы дайын болуына аз қалды.