Жаңа кітап жарыққа шықты

Жаңа кітап жарыққа  шықты
Сурет: О.Жолдыбай

Балалар әдебиеті тың шығармамен толықты

Бүгін Алматының Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында үлкен іс-шара өтті. Жазушы Нұрдәулет Ақыштың «Тау ішіндегі тауқымет» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды. Мұнда негізінен балаларға арналған прозалар, әңгімелер, шытырман оқиғалар қамтылған. Кездесуге кітапхана қызметкерлері, ұстаздар, студенттер, мектеп оқушылары қатысты.

Жиынды қаламгердің өзі ашты. Оқырманмен ой бөлісті. Сондай-ақ, Абай университетінің 4 курс студенттері Нұрабұлла, Ертай есімді  жігіттер сөз сөйледі. Олар әрбір шығарманың ішкі құрылымы, мазмұны, мән-мағынасына тоқталды.

Сонымен қатар, кітаптың кескіндемелік, иллюстрациялық суретін  өнертанушы, PhD докторант Мөлдір Келсінбек жасаған. Осы жайында өзі егжей-тегжей баяндап берді.

Осылайша, шара сұрақ-жауап форматына ауысты. Пікір алмасылды. Суретші Еркін Нұразхан тамаша естеліктер айтып, жиынды қорытындылады.