Жаңа кодқа көшуге мемлекеттен шығын шықпайды

Жаңа кодқа көшуге мемлекеттен шығын шықпайды
Сурет: News.mail.ru

Байланыс жүйесіндегі қажетті өзгерістерге керек шығындар операторлардың өз есебінен жүргізіледі.

 +997 кодына көшу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ЦДИАӨМ-ге сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Қазақстан екі жыл ішінде толықтай дербес телефон кодына өтеді деп жоспарланған. 

 «Жаңа кодты пайдалану 2023 жылдың қаңтар айынан басталады және 2025 жылғы қаңтарға дейін екі код: +7 және +997 коды бірге қолданылады. Себебі халыққа ыңғайлы болу үшін. Бұл өзгерістер ең бірінші Қазақстан елі үшін бөлек код болсын деген оймен енгізіледі», - деді ҚР ЦДИАӨМ байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнар Бөкеева.