Жазғы мектептің де берері көп

Жазғы мектептің де берері көп
almaty-akshamy.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы бойынша 26 мамыр мен 19 маусым аралығында бүкіл ел бойынша үлгерімі нашар оқушыларға білім олқылықтарын толтыруға көмектесетін «Жазғы мектептер» жұмыс істеді.

Мәселен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ZOOM платформасында «Жазғы мектепте болған кезеңде оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында қалалық онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – оқушылар мен мұғалімдерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, білімдегі олқылықтардың орнын толтыру, ал олардың ата-аналары-балалардың жазғы демалысын қамтамасыз етуі, қазіргі кезеңде оқу процесінде инклюзивті білім беру жүйесінің қалыптасу тәжірибесін қарастыру. Семинарға педагог-психологтар, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, түзету педагогтары, оқу ісінің меңгерушілері, жалпы білім беретін мектеп директорлары, балабақша әдіскерлері, тәрбиешілер қатысты.

Семинардың модераторы – Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы Сара Мусина және спикерлер – психологиялық және әлеуметтік ғылымдар магистрі, жоғары санатты психолог, зерттеуші, Қазақстан психологтар қауымдастығының тренері, жыл психологы Светлана Новичкова, жоғары санатты мұғалім, хореограф Анара Ли тәжірибелерімен бөлісті. Олар әріптестерін «Жазғы мектептегі» педагог-психологтардың жұмыс жоспарымен таныстырды. Қызметтің профилактикалық бағыты аясында педагог-психолог арт-терапия, музыкалық терапия элементтері бар түрлі ойын іс-шараларын, назарды дамытуға арналған сабақтарды, психологиялық денсаулықты сақтау мақсатында психоэмоционалды стресті жеңілдетуге және эмоционалды сарқылудың алдын алуға бағытталған тренингтерді өткізеді.