Жазушы-фантастың шығармашылық көрмесi

Қазақстанда сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазуды алғаш бастаған белгiлi жазушы-фантаст, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби сыйлығының иегерi, Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесi Жүнiс Сахиевтiң 60 жасқа толуына байланысты Алматыдағы Ұлттық кiтапханада «Ғылыми фантастикаға жол салған», Атырау облыстық Батыс Қазақстан облыстық кiтапханада «Ғылымға айқын бағыт берген», Оңтүстiк Қазақстан облыстық кiтапханада «Жұлдыздардан сыр тартқан», Қостанай облыстық кiтапханада «Ғылыми фантастика тынысы», Солтүстiк Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кiтапханада «Ғылымға жаңа жол ашқан жазушы» атты шығармашылық көрмесi ашылып, өңiр оқырмандарымен кездесу болды.

Көрмеде жазушы-фантаст Жүнiс Сахиевтiң шығармашылық өмiрi жөнiнде мақалалар енген «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының» қазақ тiлiндегi 7, орыс тiлiндегi 4 томы, Даму институтынан жарық көрген «Элита Казахстана» энциклопедиясы, «Қазақ әдебиетi» энциклопедиясының 14 томы, қазақ және орыс тiлдерiнде Астанада әзiрленген «Астана» энциклопедиялары, чех тiлiнде Прагада жарық көрген «Немезида» ғылыми-танымдық журналы, авторлық «Кеңiстiк көшпендiлерi» сериясының «Тiршiлiк ұясы», «Борыш», «Шеңбердiң түйiсуi», «Көктен келген көшпендiлер», «Марстан шыққан жаңғырық», «Қимайтын әлем», «Шолпанға көшкен ауыл», «Космотарих куәсi», «Су әлемiнiң саздары», «Жасампаздық қиырында» ғылыми-фантастикалық романдары, авторлар топтамасына енген, мерзiмдi басылымдарда жарияланған ғылыми-фантастикалық романдарының журналдық нұсқалары, елiмiздiң және шетел бұқаралық ақпарат құралдары – газет-журнал, радио мен телеарналардың тiлшiлерiне қазақ ғылыми фантастикасы және шығармашылығы туралы берген сұхбаттары, iрi ғалымдар мен әдебиет зерттеушiлерiнiң пiкiрлерi, облыс орталықтары оқырмандарымен болған кездесулерде түсiрiлген түрлi-түстi фотосуреттер, астрономиялық зерттеулерi мен ғылыми-танымдық еңбектерi қойылған.

Алматыдағы Ұлттық кiтапхананың «Қазақстан кiтаптары» залындағы кiтап көрмесi наурыздың соңына дейiн жұмыс iстейдi. Бұл көрмеден оқырман Жүнiс Сахиевтiң авторлық «Кеңiстiк көшпендiлерi» сериялы ғылыми-фантастикалық романдарын оқи алады. Жазушы-фантастың сериялы ғылыми-фантастикалық романдарының бәрi Алматы мен Астанадағы Ұлттық академиялық кiтапхананың және облыс орталықтары кiтапханаларының саитына енген.

Ө.ӨТЕУЛIҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *