Жазушы Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жыл толды

Жазушы Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жыл  толды
Сурет: 24.kz

Қаламгер есімі ел жадында

Алматыда белгілі жазушы, мемелекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтың 85 жылдығына арналған еске алу кеші болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Іс-шараға қаламгердің туған-туыстары мен шәкірттері қатысты. Сайын Мұратбеков лирикалық проза жанрын қазақ әдебиетінде жоғары деңгейге көтере білді.

Оның шығармаларында адам жаны, психологиясы мен адамзат құндылығы көрініс тапты. Жазушының ең алғашқы шығармасы «Менің қарындасым», «Таңғы шық» әңгімелерінен бастап, оның «Жабайы алма», «Жусан исі» секілді классикалық туындыларын оқырмандар әлі күнге дейін іздеп жүріп оқиды. «Қалың қар», «Өліара» повестері кітап болып шыққан.