Жазушы Мархабат Байғұт дүниеден өтті

Жазушы Мархабат Байғұт дүниеден өтті
Сурет: Otyrar.kz

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт өмірден озды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

– Суыт хабар жетті. Мархабат Байғұт ағамыздың сағаты соғыпты. Бақұл болыңыз, Мархабат аға! Қазақтың аяулы жазушысы Мархабат Байғұт ағамызбен қоштасу  27 қараша сағат 14:00-де Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрында өтеді. Жаназа намазы сағат 15:00-де Байғұт Баба мешітінде оқылады. Түлкібас ауданы Түркібасы әулие етегіндегі Азаттық ауылының мазарына қойылады, – деп жазды Шыңғыс Мұқан Facebook-тегі парақшасында.