Жаяу Мұса көшесіндегі көпірде уақытша көлік жүрісі шектеледі

Жаяу Мұса көшесіндегі көпірде уақытша көлік жүрісі шектеледі
metr12.ru

Жаяу Мұса көшесіндегі көпірде уақытша көлік жүрісінің шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
 
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23 маусым мен 8 шілде аралығында Жаяу Мұса көшесіндегі Рысқұлов даңғылы мен Түркістан көшесін байланыстыратын көпір үстінде көлік қозғалысы толық шектелетін болады.
Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келесі бағыттардың сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:

№69 – шығыс бағытта – Құлжа тракті – Бұқтырма к-сі – бұрылу – Құлжа тракті – Тараз к-сі – Жаяу Мұса к-сі – Соңғы пункт "Қайрат-Оңтүстік" ш/а. Батыс бағытта - Соңғы пункт "Қайрат-Оңтүстік" ш/а - Жаяу Мұса к-сі – Тараз к-сі - Құлжа тракті - әрі қарай сұлба бойынша.

№137 – шығыс бағытта – Рысқұлов даңғылы - Құлжа тракті - Бұқтырма көшесі - бұрылу - Құлжа тракті - "Жетісу" базары. Батыс бағытта - "Жетісу" базары – Құлжа тракті – Рысқұлов даңғылы - одан әрі сұлба бойынша.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
 
Алматы қалалық мобилділік басқармасы