Жауынгерлер арасында қатыгездік пен әлімжеттікке жол бермеуіміз керек – Мемлекет басшысы

Жауынгерлер арасында қатыгездік пен әлімжеттікке жол бермеуіміз керек – Мемлекет басшысы Сурет: Azh.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды.


Президент жауынгерлер арасында қатыгездік пен әлімжеттікке жол бермеу керектігін баса айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Сарбаздарымыз қайсар, батыл, сондай-ақ білімді болуы шарт. Жауынгерлердің бойына отаншылдық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіруіміз керек. Олар нағыз азамат деген атқа лайық болуы қажет. Бір сөзбен айтсақ, армия – бұл рухани тәрбие орталығы», - деді Президент.



Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істе аға буынның тәжірибесін пайдалану маңызды екенін атады.



«Біз қатыгездік, әлімжеттік сияқты қоғамға қауіпті үрдістерге жол бермеуіміз керек. Бүгін осы жерде ардақты ардагерлеріміз отыр. Олардың тәжірибесі, көрген-түйгені мол. Біз ардагерлерге зор құрмет көрсетеміз. Аға буынның тәжірибесін жас сарбаздарды тәрбиелеу ісіне тиімді пайдаланған жөн», - деді Мемлекет басшысы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14