Ескі жүйеден арылу қажет

Ескі жүйеден арылу қажет
Сурет: Infromburo.kz

Жаңа Қазақстан құрамыз дедік, ал Жаңа Қазақстан қандай болуы керек? Жаңа Қазақстан ескі жүйеден арылуы керек, бәрі де жаңаша болуы керек, жаңа әлеует болуы керек. 

Сондықтан сайлаудың маңызы зор. Әлемде соғыстар, қақтығыстар болып жатыр. Көршілеріміз, іргелес көршілердің өзі тыныш емес. Ал біздің елге тыныштық керек, біріншіден. Екіншіден, бізге халықтың жағдайын жасау керек, тұрмыс деңгейін көтеру керек, мынау қоғамдағы әділеттілікті орнату керек. Әділ сайлаудан сүрінбей өтеміз деп ойлаймын өз басым. Елдің болашағы жарқын болуы үшін мықты азамат, мықты Президент керек.