Жатақхана жайы маңызды

 

Қала әкімі жұмыс сапары кезінде Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының көпсалалы кешенінде болды. Бүгінде мұнда студенттерге арналған 100 орын бар.

Шаһар басшысы Instagram-дағы өзінің жеке парақшасында қаладағы жоғары оқу орындары студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін жатақханалар салып жатқанын жазды. Бұл – Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» негізгі міндеттің бірі екенін де атап өтті.

«Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында ашылғалы жатқан көпсалалы кешенде болдым. 100 студентке арналған орын, оқытушыларға арналған бөлмелер, сондай-ақ тұрмысқа қажет асхана, кір жуатын орын, кітапхана, медпункт, интернет-сыныптар қарастырылған», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Соңғы екі жылда жоғары оқу орындары 1,5 мың орынға жуық 5 жатақхана салды және модернизацияланды. Биыл 1,7 мың студентке арналған тағы екі ғимараттың құрылысы басталды.

«Алматы – жастар қаласы. Сондықтан білім алып жүрген жастардың өмір сүру мен тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз», – деп атап өтті шаһар басшысы.

М.БЕКБОСЫН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *