Жастарға баспананы жалға беру тағы үш жылға ұзартылды

Жастарға баспананы жалға беру тағы үш жылға ұзартылды
mail.kz

Нұр-Сұлтан Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз баспананы жалға беру 2025 жылға дейін ұзартылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Баймановтың айтуынша, жуықта ғана Government for zhastar ғылыми-зерттеу орталығының жанынан жастардың мәселелерімен айналысатын алаң құрылған. Осы алаңда қазақстандық жастардың баспана мәселесін талқылауға арналған шара жоспарланып отыр.

«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істеп жүрген жастарға арендалық баспана берілетінін білесіздер. Бұл бағдарлама 2021 жылға дейін жоспарланған. Аталған өңірлерде бұл бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», - деді ол. 2022 жылдан бастап өзге өңірлерде де осыған ұқсас бағдарламалар іске қосылады. Қазірдің өзінде 3-4 өңір ниет білдіріп отыр», - деді Шахмардан Байманов.