Жастарды жұмыспен қамту керек

Жастарды жұмыспен қамту керек
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Әділ Жүнісов, саясаттанушы:

1 қыркүйек күні Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Президент халыққа Жолдау жасады. Үндеуде балалар туралы жақсы бастамалар айтылды. Нақтырақ айтқанда, алдағы уақытта ұлттық қордың 50%-ы дүниеге келген бала 18 жасқа толғанша жеке шотына аударылып отырылатын болады.  Бұл өте керемет, өйткені біз болашағымызға көп көңіл бөліп жатырмыз. Егер болашағымызға алаңдайтын болсақ, онда балалардан бастау керек. Прзеиденттің үндеуі біздің әлеуметтік өмірімізді жақсартуға бағытталған болатын. Студенттер мен өсіп келе жатқан балаларға көп көңіл бөлінді. Дұрыс! Себебі, қызыл дипломы бар кейбір жас мамандар базарларда жұмыс істеп, күндерін көріп жатыр және сауда үйлерінде немесе күзетте жұмыс істейді. Қазір барлық жастарды мамандық бойынша жұмыспен қамту үшін өндірістік күштерді бөлуді ойластыру керек. Қазіргі таңда жастардың 7%-ы – мүлдем жұмыссыз. Осы мәселенің түйінін шешу керек. Ең алдымен, өндірісті көтеру қажет.