Жастар үйлі болады

Ел үкіметі жастардың сапалы білім алуы, жақсы өмір сүруі үшін барлық мүмкіндікті қарастыруда.

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасымен 1000 пәтер беріледі. Бұл туралы VII шақырылымдағы мәслихаттың бірінші сессиясында қала әкімі Б.Сағынтаев мәлімдеген. Шаһар басшысының айтуынша, осы бағытта әкімдік «Отбасы банк» АҚ-мен талқылау жасап жатыр. «Былтыр банкпен біріге отырып 13 млрд. теңге бөлдік. Бүгінде қала экономикасының әр саласында еңбек етіп жатқан 1000-ға жуық жас осы бағдарламамен пәтер алды. Биыл да жалғастырамыз. Инфляцияға байланысты нарықта пәтер қымбаттап барады. Соған байланысты несие көлемін 18 млрд. теңгеге жеткізіп жатырмыз. Биыл да 1000 пәтер беріледі. Бұл «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларынан бөлек болмақ», – деді қала әкімі.

Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *