Жастар ең көп тұратын елдер

 

 НИГЕР елінде 15 жасқа дейінгі балалар 23 миллионнан астам тұрғыны бар Батыс Африкадағы ең үлкен мемлекеттің жартысын құрайды.

МАЛИ халқы шамамен 20 миллион адамды құрайды, олардың 48 пайызы – 5 жасқа дейінгі балалар.

УГАНДА халқының саны 2013 жылдан бастап 10 миллион адамға көбейген. Бүгінде бұл елдің адам саны 45 миллионға жуық, 15 жасқа дейінгі балалар 47 пайызды құрайды.

ЧАД елінде шамамен 16 миллион адам тұрады, олардың 47 пайызы 15 жасқа дейінгі балалар. Әр әйелдің орташа есеппен жеті баласы бар.

АНГОЛА халқының саны 32 миллионға жетіп жығылады. 15 жасқа дейінгі балалардың үлесі 47 пайыз.

СОМАЛИ халқы жыл сайын 3 пайызға өсіп келеді. Туу коэффициенті бір әйелге 6,26 және әлемде төртінші орында. Қазіргі уақытта елдің халқы 15 миллион адамды құрайды, оның 46 пайызы 15 жасқа дейінгі балалар.

КОНГО демократиялық республикасында 88 миллион адам тұрса, оның ішіндегі 15 жасқа дейінгі балалардың үлесі 46 пайызды құрайды.

 

Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *