Жастар 1 млн теңгеге дейін грант ала алады

Жастар  1 млн теңгеге дейін грант ала алады
almaty-akshamy.kz

NEET санатындағы жастар бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеге дейін грант ала алады

Қазақстанда NEET санатындағы жастарды қолдауға бағытталған  «Zhas project» жобасы басталады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Гранттық бағдарлама 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Биыл 10 үкіметтік емес ұйым жобаның аясында еліміздің үш қаласы (Астана, Алматы, Шымкент) мен 17  облысында (СҚО, БҚО, ШҚО, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, және Түркістан)  әрқайсысына 1 миллион теңге көлемінде 280 шағын грант береді.

  • Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады: жобаның іске қосылуы туралы хабарландыру;  19 ақпан мен 24 наурыз аралығында - ақпараттық науқан; 25 наурыз - конкурс басталады; 25 наурыз бен 24 сәуір аралығында -   өтінімдер  қабылданады; 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында - өтінімдер іріктеледі; 15 мамыр - конкурс нәтижелері шығарылады. 
  • Конкурсқа 18  бен 34 жас аралығындағы  Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өтінім беруші өңірдің аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс және  уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуы тиіс. Конкурсқа қатысу үшін тек қатысушылар 1 әлеуметтік жобаны ұсына алады. 2023 жылы "ZHAS PROJECT" жобасы аясында шағын грант алған жастар конкурсқа қатыспайды.

Жобалар жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. Жобаны қатысушылар 4 айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс.