"Жасотандықтар" түзету мекемесінің тәрбиеленушілері арасында шахматтан турнир өткізді

"Жасотандықтар" түзету мекемесінің тәрбиеленушілері арасында шахматтан турнир өткізді
Сурет: Almaty-akshamy

Алдағы уақытта "жасотандықтар" концерттік бағдарламаларды ұйымдастыруды көздеп отыр.

16 шілде күні Алматы қалалық Jas Otan жастар қанатының ұйымдастыруымен Халықаралық шахмат күніне орай ЛА-155/6 түзету мекемесінің тәрбиеленушілері арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

Шахмат ойындарына барлығы 26 бала қатысты. Турнир бірнеше кезеңдерден тұрды. Финалдық ойынға өткен балалар Jas Otan  ЖҚ төрағасы атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, заманауи жейделер табысталды.

Шара барысында Jas Otan ЖҚ төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы түзету мекемесінің жағдайымен танысып, өзекті проблемаларын  да түртіп алды.

Айта кетейік, Қазақстанда бір ғана жасөспірімдер колониясы бар. Түзету мекемесінде білім беретін сыныптар, кітапхана, спортпен шұғылданатын залдар, медициналық мекеме және бөлек асхана бар.

Сонымен қатар, түзетудегі жасөспірімдер үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Мекеме қызметкерлерінің айтуы бойынша, қазіргі таңда түзету колониясында 48 жасөспірім бар. Жасақ саны екеу. Жасалған құқық бұзушылықтарына байланысты дағдылы және жеңілдетілген мерзімді болып бөлінеді. Жасөспірімдер ата-анасымен жылына 6 рет кездесе алады. Дегенмен, қоңырау шалып, ұялы байланыс арқылы сөйлесуге ешқандай шектеу жоқ.

Алдағы уақытта "жасотандықтар" алдағы уақытта пайдалы кездесулер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.