Жасөспірімдер арасындағы бокстан халықаралық турнир

Жасөспірімдер арасындағы бокстан халықаралық турнир Фото:Самат Құсайынов       

Алматы қаласында 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр.


Бес күнге созылатын турнирге Қырғыстан, Моңғолия,, Өзбекстан, Ресейден және еліміздің барлық облыстарынан 250 ден астам   былғары қолғап шебері келді. Ең мықты боксшылар Қазақстан құрама командасына қабылданады. Сондай-ақ, Азия чемпионатына жолдама алады. Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған спортшыға спорт шебері атағы беріледі.




“Бес жылдың ішінде осы турнирде көп қыздар өсті. Азия чемпионы болды. Биыл қараймын, спортшыларымыздың сапасы да, саны да өсіп келеді. Жыл сайын көршілес мемлекеттерден қатсушылар келіп қосылуда. Осындай жарыстардың арқасында жастарымыз өседі, өнеді, жеңіске жетеріне сенімім мол. Қыздарымыздың дайындығы жаман емес. Өздерінің күшін ортаға салуда. Әр спортшымызға артар үмітімз мол”, - дейді бапкер, төреші Жәнібек Құлниязов.



Марапаттау 25 ақпан күні  өтеді. Еске салайық, Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесі үшін бесінші рет турнир өткізіліп отыр.



Ермахан Ибраимов, бокстан Олимпиада чемпионы:


– Жарыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының ең мықты спортшыларын анықтау және ұлттық құрама сапында біреу болмаса, олар көзге түсіп, қосымша енгізілуі мүмкін. Сондықтан бұл турнирдің деңгейі өте жоғары дер едім.




 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17