«Жасырын омикрон» жақын арада көп таралуы мүмкін

«Жасырын омикрон»  жақын арада көп таралуы мүмкін
Сурет: Rorumdaily.com

Соңғы аптада КВИ жұқтырғандар саны 8%-ға артқан.

COVID-19 жаңа штамы бүкіл әлемге таралып жатыр. Вирусологтар жақын күндері «Жасырын омикрон» штамы басым болуы мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Коронавирустың  «Жасырын омикрон»  түрімен ауыратындар қайтадан иіс сезу қабілетін жоғалтады және ішек ауруларына тап болады. Қазір Еуропада коронавирустың жаңа штамымен ауырғандар саны өскен. Еуропалық вирусологтар ковидке қарсы иммунитеті жоқ, тексеруден өтпейтін мигранттар эпидахуалдың күрделене түсуіне септігін тигізіп отыр,дегенді айтады.  Жұқпалылығы жоғары, омикронның  BA.2. қосалқы бөлігі басым штамға айналуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус ауруының көрсеткіші өскені туралы айтып жатыр.  Соңғы аптада жұқтырғандар санының 8%-ға артқаны анықталды, бұл 11 миллионнан астам адамды құрайды. Ал 43 мыңнан астам адам қайтыс болды. ДДҰ сарапшыларының болжамы бойынша, дертке шалдыққандар саны Батыс Тынық мұхиты аймағында, Африка мен Еуропада өсіп келе жатыр. Бір апта ішінде індетке шалдыққандардың  саны Корея Республикасы, Вьетнам, Германия, Нидерланды және Франция елдерінде арта түскен.