Жасыл желектің қамқоршысы - дәрігер Ховин

Жасыл желектің қамқоршысы - дәрігер Ховин
Сурет: Almaty-akshamy

Күн сайын ол ауласындағы ағаштар мен гүлдерді суғарып, қарап жүреді.

Қысы-жазы Алматының тұрғыны Владислав Ховин өз ауласындағы ағаштар мен гүлдерді баптаумен әлек. Биыл жаз ыстық болғандықтан, оның жұмысы қиындай түскен, сол себептен таңғы 4-те тұрып, ағаштарды суғара бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

Оның ауласында өсетін ағаштар мен гүлдің түрі көп. Биыл бұл өсімдіктердің саны да, түрі де көбейе түсті, себебі ол Алматы әкімшілігі ұйымдастырған шара нәтижесінде тегін ағаш көшеттерін алған.

«Көктемде интернеттен Алматы әкімшілігінің ағаш көшеттерін тарататын акциясы туралы оқыдым. Сөйтіп, 20 ағаштың көшетін сұрап алдым, онда тек құс шиесі ғана (черемуха) қалыпты, отырғызған ағаштарымның барлығы да көктеді. Жеке өз басым ұйымдастырылған акцияға риза болдым»,– дейді алматылық. 

Қазіргі кезде Владислав Ховин осы ағаштар мен гүлдерді баптаумен келеді. Алайда қаладағы өзге өсімдіктерге жүрегі ауырады, себебі ағаштар кей жағдайда суғарылмай қалады. 

«Мен саған 4.30 тұрамын, сөйтіп, ауладағы барлық өсімдіктерді суғарамын. 2-3 көршімнен басқа көмекшім де жоқ», – дейді ол.

Мұндай жұмыстармен тіс дәрігері қазір ғана шұғылданып жүрген жоқ. 

«2019 жылдан бастап өз ақшама (Байзақов пен Қазыбек би көшелері қиылысындағы аула) үйімнің ауласын көгалдандырып келемін. Бірнеше көлік топырақ әкеліп, аулаға төктірдім, себебі құрылысшылар түрлі қоқыстарын тастап кетеді ғой. Ағаш көшеттерін, гүл, газон шөбін, тыңайтқыштар алдым, шөптер мен бұталарды қырқатын құрал алдым», – дейді Владислав Ховин.

Қала тұрғыны істеген жұмысын міндетсінбейді, бірақ өз ісімен өзгелерге үлгі болып, табиғат пен Отанды қалай сүю керектігін көрсетіп келеді.