«Жасыл мектеп» эко-фестивалі өтеді

«Жасыл мектеп» эко-фестивалі өтеді
Сурет: Kh.vgorode.ua

Іс-шараның мақсаты - қала тұрғындарының экологиялық тақырыбына назар аудару және оларға белсенді ұстанымдылығын арттыруға көмектесу.

6 қарашада «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» іске асыру шеңберінде MEGA «Алма-Ата» СОО-да «Жасыл мектеп» эко-фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Фестиваль аясында жастарды қазылар алқасының мүшелеріне таныстыратын ең қызықты 10 студенттік және мектептік жоба жинақталады. Жүлделі орын иегерлерінің жобаларына нарыққа шығуы бойынша одан әрі тәлімгерлік қолдау көрсетіледі.

Фестиваль жауапты брендтерге өздерінің ESG және экологиялық миссияларын жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға мүмкіндік береді. Негізгі міндет - тұрғындарды экологиялық мәселелерді шешуге шақыру, эко-викториналарға, акцияларға қатысу.

Бірінші орын үшін жүлде қоры 300 мың теңгені, екінші және үшінші орын үшін тиісінше 150 және 100 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, жобалар корпоративті клиенттерге сату бойынша көмек алады.

Фестиваль қала әкімдігімен мекемелер, жоғары оқу орындары мен мектептерде экологиялық құндылықтарды енгізетін кәсіби ұйым - ECO Network компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылады. Бүгінде жоба Қазақстанның алты қаласында ұсынылған, оның атсалушылары 100-ден астам ұйымдар. Компания жалпы ауқымы 45000-нан астам адамды құрайды.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Розыбакиев, көшесі, 147 а, MEGA "Алма-Ата" СОО, Оңтүстік қанаты, 1 қабат.

Өткізілетін күні: 2022 жыл 6 қараша, сағат 12:00-ден 19:00-ға дейін.

Аккредиттеу міндетті шарт және ол рәсім  қарашаның 6 сағат 09.00-ге дейін жалғасады. Анықтама үшін байланыс: Индира +7 700 343 4898.