«Жасыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ

«Жасыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы «қызыл» аймақта тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Ешқандай өңір жоқ.

Айта кетейік, «қызыл» аймаққа Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстары кірді. Аталмыш өңірлер кеше «сары» аймақта тұрған болатын.

Сондай-ақ кеше «жасыл» аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысы бүгін «сары» аймаққа өтті.