Жас жігіт жұрт жұмысқа кеткенде, қаланың төменгі бөлігіндегі үйлерді тонап келген

Жас жігіт жұрт жұмысқа кеткенде, қаланың төменгі бөлігіндегі үйлерді тонап келген
Сурет: Polisia.kz

22 жастағы жігіт Алматының төменгі бөлігіндегі жеке үйлерді тонаған

Алатау аудандық полиция басқармасының мәліметінше, Алматыда пәтер тонауға қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы облысының 22 жастағы тумасы бөтеннің пәтерлеріне кіріп, шағын техникалар, зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен. Қаскөй үйге көбінесе күндіз, үйдің адамдары жұмыста болған кезде кірген. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас төрт эпизодқа қатыстылығы анықталды. Күдікті кінәсін мойындады. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды, олар ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша бір өндіріске біріктірілді. Күдіктінің жеке басы қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.