Жас тілшілер Журналистер Одағына қабылданды

Жас тілшілер Журналистер Одағына қабылданды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Куәлік табыстау рәсімі өтті.


Республика күніне орай «Alatay Aqparat» медиахолдингі құрамындағы «Almaty aqshamy» және  «Вечерний Almaty» газеттері мен сайттарының журналистері Қазақстан Республикасы Журналистер одағына мүшелікке өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Салтанатты шараға Қазақстан Журналистер одағының төрағасы, журналистика саласының мэтрі, қоғам қайраткері Сейітқазы Матаев қатысты. Одақ төрағасы тарапынан жас тілшілер мен бұрыннан баспасөз саласында қызмет етіп жүрген мамандарға куәлік табыстау рәсімі өтті.



Жиынға «Alatay Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Төлеміс Күлмұхамедов, «Almaty aqshamy» газетінің Бас редакторы Төрехан Данияр, «Вечерний Almaty» газетінің Бас редакторы Евгений Рахимжанов пен ұжым мүшелері қатысты. Жиын барысында журналист халық пен билік арасындағы алтын көпір екендігі, еліміздегі қозғаушы күш әрі «төртінші билікке» айналып келе жатқандығы айтылды. Мүшелікке өткен жандардың кәсіби шеберлігі әрдайым жоғары болуы керектігі жөнінде ізгі тілектер айтылды.



Сонымен бірге, жиын барысында 60 жасқа толуына орай «Almaty aqshamy» газетінің Бас редакторы Төрехан Даниярға Алматы қаласы әкімінің Құттықтау хаты табысталды. Сондай-ақ, «Вечерний Almaty» газетінің тілшісі Ақерке Мырзағалиеваға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың Алғыс хаты берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31