«Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы өтеді

«Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы өтеді
Сурет: Turkystan.kz

Алматыда 1-3 маусым аралығында Республика Сарайында «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы өтеді.

Байқауға еліміздің барлық өңірінен 16-27 жас аралығындағы жас таланттар қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қатысушылардың қойылымдарын дирижерлер Александр Беляков пен Илья Башкатовтың жетекшілігімен музыкалық оркестр сүйемелдейді.

«Жас қанат» байқауының бағдарламасы:

1 маусым – «Жас қанат. Балалар» сағат 12:00, 1-ші күнгі байқаудың жартылай финалының концерті сағат 19:00-де
2 маусым – Алматы күні және А. Беляков эстрадалық-симфониялық оркестрінің жетекшілігімен 2-ші күнгі байқаудың жартылай финалы, сағат 18:30-да
3 маусым - И. Башкатовтың жетекшілігімен ақтық гала-концерт, әрі сағат 15:00-де марапаттау рәсімі өтеді