«Жас қанат» басталды

Алматыда Республика Сарайында «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға еліміздің барлық өңірінен 16-27 жас аралығындағы жас таланттар қатысуда. Қатысушылардың қойылымдарын дирижерлер Александр Беляков пен Илья Башкатовтың жетекшілігімен музыкалық оркестр сүйемелдеді.
Байқаудың мақсаты – жас өнерпаздар мен әншішілік өнерге бейімі бар жас өрендерді тарту. Олардың өнер атты айдындағы бағын ашу болып саналады. Бұған қатысушалардың басты мүддесі өз өнерін көрсетіп, болашақтағын бағытын айқындау болып табылады.
- «Жас қанат» байқауына кезінде өзіим де қатысқанмын. Оған да 20 жыл уақыт өтіпті. Бүгінде өз шәкірттерімді тәрбиелеп, ән додасына қосып жүрмін. Бұйырса үкілеген үміттеріміз топ жарады деген ниеттеміз, – деді ұстаз Айгүл Әбдірашитқызы.
«Жас қанат» байқауының бағдарламасы төмендегідей:
1 маусым – «Жас қанат. Балалар» сағат 12:00, 1-ші күнгі байқаудың жартылай финалының концерті сағат 19:00-де
2 маусым – Алматы күні және А. Беляков эстрадалық-симфониялық оркестрінің жетекшілігімен 2-ші күнгі байқаудың жартылай финалы, сағат 18:30-да
3 маусым - И. Башкатовтың жетекшілігімен ақтық гала-концерт, әрі сағат 15:00-де марапаттау рәсімі өтеді
Айта кетейік, аталған шара 3 күнге ұласады. Дәлірек 1-3 маусым аралығын қамтиды.