Жас ақындар «Көркем қала - Алматы» мүшәйрасында бақ сынай алады

Жас ақындар «Көркем қала - Алматы» мүшәйрасында бақ сынай алады
Сурет: Egemen.kz

Алматы күніне орай қалалық Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп, қала әкімдігінің қолдауымен «Көркем қала - Алматы» атты ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраны Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, Қазақстан Жазушылар одағы, «Тұлға-достық» қоғамдық қоры ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мүшайра жас ақындар шығармашылығын қолдау және әдебиетті дамыту мақсатында өткізіледі.

Қатысуға ниет білдірген ақындар үшін келесі ережелер бекітілген:

  • Мүшәйраға 16-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;
  • Алматы қаласын әсерлі поэтикалық түрде бейнелеп, оның өткені, бүгінгі тыныс-тіршілігін және келешегін көрсету қажет;
  • Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады.
  • Алматы қаласы туралы бұрын жарияланбаған бір өленді korkemkala_almaty@mail.ru электронды поштасына жіберу;
  • Өлеңнің көлемі 3 беттен аспай, А-4 форматында Microsoft Word мәтіндік редакторымен «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалығы - 1.5 болып терілуі тиіс;
  • Қатысушылар шығармаларымен қоса жеке куәлігінің көшірмесі, қысқаша өмірбаяны, 3х4 түрлі-түсті суретті, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі жайлы мәліметтерді жіберу керек;
  • Үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 18 қыркүйегіне дейін қабылданады;
  • Іс-шара 2022 жылдың 20 қыркүйегінде қорытындыланады;
  • Қазылар алқасының сараптауынан өткен шығармалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйраның жүлде қоры:

  • Бас жүлде – 500 000 теңге;
  • I - орын – 400 000 теңге;
  • II - орын – 300 000 теңге;
  • III - орын – 200 000 теңге;
  • 1 қатысушыға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде – 150 000 теңге;
  • 6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі – 300 000 теңге (әр қатысушыға 50 000 теңгеден).

Жүлдегерлерді белгілі тұлғалардан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Жыр сайысының ережесі туралы толық ақпарат әлеуметтік жілелер мен интернет-сайттарда жарияланады.

Толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады:
+7 (727) 279-33-15; +7 705 987-68-50.