Жаркент қаласындағы әкім резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналмақы

Жаркент қаласындағы әкім резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналмақы
Сурет: Inform.kz

Өте керекті орталық болар.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденциясын балаларды оңалту орталығы жасауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мұндай ұсынысты облыс жетекшісі Панфилов ауданында тұрғындармен кездесу өткізу барысында айтқан. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.  

«Сөз реті келгенде айта кетейін, осы Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясы тұр. Жерінің көлемі - 1 гактар. Маған сол резиденцияның қажеті жоқ. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақ үйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар да көп. Сондықтан резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға өте керекті орталық болар еді деп ойлаймын», - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Жалпы, Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі 910 шаршы метр. Жер аумағы - 1 га.