Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мешіттер зардап шеккен жоқ

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мешіттер зардап шеккен жоқ
Сурет: Ttwitter.com

Діни сала мамандары да зардап шекпеген.

Елде болған жаппай ереуіл кезінде ешқандай мешіт зардап шеккен жоқ. Бұл туралы елордадағы «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Аллаға шүкір, мешіттерге зардап келген жоқ. Осы тұста дін мамандары бұзақылыққа қарсымыз, дін де қарсы. Себебі арандатушылық еш жақсылыққа алып келмейді. Ол туралы жамағатқа айтып та жатырмыз. Пайғамбарымыз «іріткі - ұйықтап жататын нәрсе, оны оятқан адамға Алланың қарғысы болсын» деген. Сондай-ақ, хадистерде жазылғандай, «іріткі кезінде тұрған адамнан отырған адам жақсы» делінген. Тұрақтылық, тыныштық - тәңірдің берген сыйы. Ал оны сақтау өз қолымызда. Бізде мешіттер зардап шекті деген ешқандай мағлұмат жоқ», - деді Ерболат Жүсіпов.

Одан бөлек, имам жаппай бассыздық кезінде діни сала мамандарының да зардап шекпегенін жеткізді.