Жаппай тәртіпсіздікте дүкен тонаған жігіт «селфимен» ұсталған

Жаппай тәртіпсіздікте дүкен тонаған жігіт «селфимен» ұсталған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасағаны үшін 274 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің сөзіне сілтеме жасап.

«Ұрлық пен тонау қылмысын жасағаны үшін 274 адам уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ұсталғандардың кінәсі ұрланған тауарлар мен қару түріндегі алынған заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбаларымен, әлеуметтік желілердегі роликтермен, күдіктілердің өздерінің ұялы телефондарынан табылған деректермен дәлелденеді. Мысалы, 19 қаңтарда Алматы қаласында 18 жастағы тұрғын ұсталды. Оның ұялы телефонынан азық-түлік дүкендерінің бірінде ұрлық жасаған бейнежазба, ұрланған заттар аясында «селфи» жасағаны және ең сорақысы, көшеде бір полиция қызметкерін топ болып аяусыз ұрып-соғуға қатысқаны анықталды. Бұл бейнежазбалардың барлығын күдіктінің өзі жасаған. Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», - деді С.Әділов.