Жапонияда жаңбыр маусымы басталды

Жапонияда жаңбыр маусымы басталды
Сурет: Nippon.com

Жаңбыр күні-түні тоқтамайды.

Жапонияда бір жарым айға созылатын жаңбыр маусымы басталды. Бұл ақпаратты ел үкіметі ресми хабарлады. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхан Құрмансейіт күншығыс еліндегі жағдай туралы өзінің facebook-тегі парақшасында баяндады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Egemen.kz cілтеме жасап.

Арнайы елшінің  айтуынша, бұл маусым «елдегі ерекше мезгіл» деп аталуының өз себебі бар. Мұнда бір жарым ай бойы жаңбыр күні-түні тоқтамайды. Сондықтан Жапонияның кейбір қалаларында ауа ылғалдана түседі.

Бұл жапон халқы үшін үйреншікті жағдай. Сондықтан олар «Цую» маусымына арнайы дайындалады. Жаз мезгілімен ілесе келген бұлтты күн шілденің шіліңгір ыстығы басталғанда ашылады. Сосын ғана бір жарым ай бойы жауған жауын суы буға айналып, жер құрғайды. Салдарынан ауа температурасы жоғарылап, аптап ыстық орнайды. Осылайша, Жапония халқы біраз сарсаңға түседі.