Жапонияда Синдзо Абэні жерлеу күні белгіленді

Жапонияда Синдзо Абэні жерлеу күні белгіленді
Сурет: Interfax.ru

Жерлеу рәсімі 27 қыркүйек күні өтетін болды.

Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида Синдзо Абэнің жерлеу рәсімін мемлекеттік деңгейде өткізу керек екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 

Жапония Үкіметі 8 шілде күні қарақшылық шабуылдан қайтыс болған экс-премьер Синдзо Абэді жерлеу рәсімін 27 қыркүйекте өткізу туралы шешім қабылдады.

Көптеген шетелдік делегациялар, соның ішінде мемлекет басшылары да қатысатын рәсім Токиодағы Будокан аренасындағы император сарайының жанында өтеді.

Мемлекеттік жерлеуді өткізудің нақты хаттамасы жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін рәсім 1967 жылы бұрынғы премьер-министр Сигэру Есида қайтыс болған кезде бір рет өткен.

Айта кетсек, 12 шілдеде Джодзедзи ғибадатханасында отбасы мүшелеріне, жақын достары мен серіктестеріне арналған буддистердің жеке жерлеу рәсімі өтті.