Жапонияда бес жастан бастап балаларды КВИ-ға қарсы ревакциналау мақұлданды

Жапонияда бес жастан бастап балаларды КВИ-ға қарсы ревакциналау мақұлданды
Сурет: Rbc.ru

Ресми Токио өкілдері қайта вакциналауды мақұлдады.

Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі сейсенбіде Pfizer компаниясы  шығарған COVID-19 препаратын 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды қайта вакцинациялау үшін қолдануды ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл ресми Токио өкілдері 12 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды қайта вакциналауды мақұлдаған болатын.

Күншығыс елінде Moderna, Novavax және AstraZeneca компанияларының жаңа коронавирусқа қарсы вакциналары ресми мақұлданған. Бұл ретте халықты вакциналау үшін негізінен алғашқы екеуі ғана қолданылады.

Шілде айының соңында Жапонияда COVID-19 ауруының күнделікті саны 180 мыңнан асты. Токиода және басқа префектураларда, соның ішінде Осакада және Фукуокада жағдайлардың рекордтық саны тіркелген, өйткені омикронның BA.5 кіші нұсқасы елде өршіді.