Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетті

Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетті
Cурет: Inform.kz

Бұрынғы үкіметтен үш адам жаңа кабинетке ауысады.

Жапония Үкіметі толық құрамда оставкаға кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қыркүйек айының басында штат басшысы Йошихидэ Суга партия басшысы лауазымына өзін ұсынбайтынын мәлімдеген. Бұл шын мәнінде оның Премьер -Министр қызметінен кетуін білдірді. 2012-2017 жылдары Синдзо Абэ Үкіметінде Сыртқы істер министрі болған Фумио Кишида өткен сәрсенбіде партиялық сайлауда жеңіске жетті. Дүйсенбі, 4 қазанда, Жапония Парламентінің екі палатасы да Премьер-Министрдің кандидатурасына дауыс береді, содан кейін ол өз министрлер кабинетін тағайындайды. Премьер-Министр партиялар ұсынған кандидаттардың көпшілік дауысымен сайланады. Әдетте, бұл партиялардың көшбасшылары. Осылайша, Парламенттегі көп орынға ие партияның басшысы Премьер-Министр болады. Яғни сайлауда жеңіске жеткен Либерал -демократиялық партиясының көшбасшысы Фумио Кишида Жапонияның 100 -ші Премьер-Министрі атанады. Ол дүйсенбіде ресми түрде министрлер кабинетін құруға ниетті. Министрлікке кандидаттарды іріктеу демалыс күндері аяқталды. Хироказу Мацуно Үкіметтің бас хатшысы болмақ. Бұрынғы Үкіметтен үш адам жаңа кабинетке ауысады: Сыртқы істер министрі Тошимицу Мотеги мен Қорғаныс министрі Нобуо Киши өз қызметтерін сақтап қалады, ал Ғылым және білім министрлігін басқарған Койчи Хагиуда экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігін басқарады.