Жапония коронавирустың дәрісін сынақтан өткізіп жатыр

Жапония коронавирустың дәрісін сынақтан өткізіп жатыр
Сурет: РИА Новости

Компания басшысының айтуынша, бұл препарат вирусты бес күн ішінде жеңе алады.

«РТ на русском» мәліметінше, жапондық Shionogi фармацевтикалық компаниясы науқастарды коронавирустан емдеуге арналған таблеткаларды сынақтан өткізуді бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Зерттеу туралы мәліметтер The Wall Street Journal басылымында жарияланған. Бұл таблеткаларды күніне бір рет ішу керек. Дәріні сынақтан өткізу келесі жылға дейін жалғасады.

Бұдан бұрын Беларуссия мен Арменияның 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта алты бірлескен ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны белгілі болған, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы дәрі-дәрмек шығару да бар.