Жануарлар жәрмеңкесі

Токиода үй жануарларына арналған жәрмеңке ашылды. Іс-шара 4 күнге созылады. Онда 320 компания ұсынған он мыңнан астам өнім ұсынылады. Олардың арасында ит-мысыққа арналған киім-кешек пен тағамнан бастап жоғары технологиялық заттарға дейін бар. Солардың біреуі – «ақылды» әжетхана. Оның ақылдылығы сол, бетіне жанасқан жануарлардың салмағының қалай өзгергені туралы мәліметті иесінің ұялы телефонына жіберіп тұрады екен.

Сатылымға төрт аяқтыларға арналған 5 деңгейлі ауа баптағыш та қойылған. Оның бағасы 300 доллар шамасында. Мәлімет бойынша, Жапонияда қазір 18 миллиондай мысық пен ит бар екен. Оларға жұмсалатын шығын көлемі 45 миллион доллардан асқан. Бұл осы елдегі жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын құрайды.

А.Райысқызы

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *