Жансель Дениз Ирандағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды

Жансель Дениз Ирандағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды
Сурет: Prosports.kz

Қазақстандықтар алты медаль жеңіп алды.

4-5 наурыз күндері Иран астанасы Тегеранда таеквондодан рейтингтік Asian taekwondo clubs championship турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап. 

Бірінші жарыс күнінде қазақстандықтар алты медаль жеңіп алды. Нұрай Бауыржанова (49 келі) мен Жансель Дениз (73 келі) финалда тізе бүгіп, күміске иелік етті. 

Ал Айдана Еділбаева (46 келі), Рита Бакишева (46 келі), Әмина Нұрғазықызы (62 келі) және Нұрай Құсайынова (67 келі) жартылай финалда сүрініп, турнирдің қола жүлдегерлері атанды.