Жансая Әбдімәлік референдумға қатысты

Жансая Әбдімәлік референдумға қатысты
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Алматыдағы №557 референдум учаскесінде дауысын берді. Учаскеге ол әкесімен бірге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Жеке есебім бойынша бұл - менің қатысып тұр екінші саяси науқан. Алғашқы рет 2019 жылы Президент сайлауында дауыс бергенмін. Референдум – біздің еліміз үшін ауқымды тарихи оқиға. Мен үшін бұл алдымен өзімнің азаматтық позициямды білдіруге болатын мүмкіндік деп санаймын», - деді Жансая Әбдімәлік.

№557 учаскесі сайлау комиссиясының төрайымы Ақмарал Бахинаның айтуынша, бұл учаскеде 2 264 адам тіркелген. Таңертеңнен бері 250-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді.