Жансай жарысты жеңіспен бастады

Жансай жарысты жеңіспен бастады
Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күні басталды. Бүгін ерлерден 73 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz. сілтеме жасап

73 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан басталды. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді. 

Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша уақытта Жансай "ваззари" ұпайын еншіледі. Смағұловтың келесі қарсыласы - канадалық Артур Маргелидон.