Жандарбек Бекшин: Індеттің дамуы соңғы апталарда 2,1 есеге өсті

Жандарбек Бекшин: Індеттің дамуы соңғы апталарда 2,1 есеге өсті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қаламызда соңғы тәулікте 353 науқас тіркелген, осылай індет жұқтырудың тәуліктік өсімі 0,4 пайызға жетті.

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «КВИ жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы онлайн баспасөз мәслихатында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин осылай мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Спикердің айтуынша,  жыл басынан осы уақытқа дейін Алматыда 56 мыңнан астам коронавирус індетін жұқтыру тіркелген.

«Маусым айында қаламызда 4573 індет жұқтыру анықталды. Сондықтан мемлекеттің Бас санитарының 26 маусымдағы №19 қаулысы бойынша, шектеу шаралары күшейтілді. Індеттің дамуы соңғы апталарда 2,1 есеге өсті, 1142  -ден 2377 -ге дейін артты. Соңғы тәулікте 353 науқас тіркелген, тәуліктік өсім 0,4 пайызға жетті», -деді қаланың бас санитары.