Жандарбек Бекшин : Төртінші толқын күтіп тұр

Жандарбек Бекшин : Төртінші толқын күтіп тұр
Сурет: Liter.kz

Оның басты себебі – «дельта» штаммы болып отыр. 

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн сұхбатында қаламыз коронавирус бойынша 4-толқынның алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қатаң шектеу режимін енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Кәсіпкерлерге айтарым, бізді де түсініңіздер. Бұл «үнді» штамы басқаларға қарағанда ауыр болғандықтан, осындай ұйғарымға келдік. Біз «жасыл» аймаққа өткенде, ауру көрсеткіші тәулігіне 100 науқасқа дейін төмендеді, бірақ жаңа штамдарға байланысты ауру саны күрт өсті. Үнді штамының басқа мутацияланған штамдармен салыстырғанда патогенділігі жоғары. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң шараларды қабылдауға мәжбүр болдық», – деді Жандарбек Бекшин.