Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды
Сурет: Facebook.com

Бұл жолғы шектеулер Алматыда өтетін марафондар мен спорттық шараларға қатысты болып отыр.

Шілденің 13 күні Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы қарантиге қатысты жаңа қаулыға қол қоды, деп хабарлайды Akmaty-akshamy.kz.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, Ashyq  жобасының қатысуылары Алматыда таза ауада марафон өткізе алады,  бірақ қатысушылардың саны 30 адамнан аспауы тиіс. 

Сонымен қатар  Ashyq жобасының қатысушылары спорттық шараларды да өткізе алады, оған көрермендерді де шақыра алады, тек көрермендердің саны 20% аспайы тиіс. 

Қаулы күшіне еніп қойды.