Жандарбек Бекшин: «Дельта» штамы жастар мен қарттарға қауіпті

Жандарбек Бекшин: «Дельта» штамы жастар мен қарттарға қауіпті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматының бас санитар дәрігері не себептен қаулы қабылдағанын айтты.

Маусымның 28 күні  Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуын алдын алу шаралары» тақырыбында онлайн баспасөз-конференциясы өтті. Шара барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев шаһардағы бүгінгі эпидахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшинның айтуынша, бүгінгі таңда үнді штамы 35% құрап отыр. Бұл өте қауіпті әрі жылдам тарайтын штамм болғандықтан, мамандар арнайы шаларды іске асырып жатыр. Осы мақсатта санитарлық дәоігер арнайы қаулы шығарғанын айтты.

«Маусымының 26 күні менің қаулым шықты, оған барлық мутациядан өткен ең қауіпты үнді штамы себеп болып отыр. Біз өз мерзімінде осы штамды анықтап, сол «қызыл» аймаққа кірген күні өз қаулымызды шығардық. Жыл басынан бері қалада 55 мыңнан астам жағдай тіркелсе, маусым айында 3889  жағдай тіркелген, өткен тәулікте 215 жағдай анықталды. Өздерің көріп отырғандай, екі апта бұрын бір тәулікте 114 жағдай болатын. Қазір аурулардың саны өсіп келе жатыр, аурулар санының өсуіне байланысты қаулы қабылдадық», – деді Жандарбаек Бекшин.

Жандарбек Бекшинның айтуынша, бұл штамм жастар мен қарттар үшін қауіпті. Сол себептен қала бойынша бірқатар шектеулер енгізілетін болады.