Жандарбек Бекшин: Алматыда эпидахуал аз да болса тұрақталды

Жандарбек Бекшин: Алматыда эпидахуал аз да болса тұрақталды
Сурет: Іnbusiness.kz

Бірақ алматылықтарға арқаны кеңге салуға әлі ерте.

Алматыда эпидахуал аз да болса тұрақталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өткен айда індеттің ілмегіне іліккендер 1 мыңнан асса, соңғы тәулікте 547 адамның тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Бұл туралы қалалық бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.