Жанбота – жеңімпаз

Фристайл

 Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды.

АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан өткен North American Cup халықаралық додасында шымкенттік спортшы 85,68 нәтижесімен топ жарды. 76,56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді.  Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары Ақмарал Қалмұрзаева 6-орыннан көрінсе, Аяна Жолдас жетінші болды.

Ақпан айының басында Жанбота әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енген еді. Ол алдымен іріктеу сынынан өтіп, соңғы айналымда үшінші нәтиже көрсетті. Ал шешуші финалда 71,92 ұпаймен бесінші орыннан көрінді.

Естен САБАЛАҚ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *