Жаңбыр, аяз, жел: Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Жаңбыр, аяз, жел: Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Сурет: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 30 наурызда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Астана қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде -3-5 дейін түсіп, күндіз 1-3 жылы болады.

Акмола облысында ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 дейін, өңірдің солтүстігінде -11 градусқа дейін суиды. Күндіз -2 аяз, +3 жылы болады.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 градус аязға дейін, күндіз 1-6 жылыға дейін.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде күші 23 м/с жетуі ықтимал.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігі мен орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.