Жаңажылдық мереке күндері 27 мыңнан астам полицей қазақстандықтардың тыныштығын күзетті

Жаңажылдық мереке күндері 27 мыңнан астам полицей қазақстандықтардың тыныштығын күзетті Сурет: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері үшін мереке күндері қалай өткені жайында Ішкі істер министрлігінде айтылды.


Тәртіп сақшылары Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы үш күндік жұмысты қорытындылады. Ведомствода атап өткендей, “102” арнасына 29 мыңға жуық қоңырау түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Pоlisia.kz-тің хабарлауынша, негізінен азаматтар тыныштықтың бұзылуына, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішуге шағымданды, сондай-ақ бұзақылық пен мас күйінде көлік жүргізу фактілері туралы да мәлімдеді.


Өткен демалыс күндері республика бойынша 715 қылмыс жасалды, оның 485-і “ізі суымай” ашылды. Мысалы, полицейлер 68 ұрлықты, сондай-ақ 5 тонау мен 29 бұзақылықты ашты. Тәртіп сақшылары барлық шұғыл қызметтің қызметкерлері сияқты мереке күндерін күшейтілген жұмыс режимінде өткізді. Мақсат – қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және жедел ашу, сондай-ақ “нөлдік төзімділік” қағидатын іске асыру.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23